«100 игі іс»: бизнес Біржан сал ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біржан сал ауданы прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдармен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында «Бизнестен 100 игі іс» акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік маңызы бар істерге бей-жай қарамайтын кәсіпкерлерді тарту, мұқтаж азаматтарға көмек көрсету, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Акция аясында жекелеген әлеуметтік осал отбасыларға көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, «Сабиров» жеке кәсіпкердің демеушілігімен осындай екі отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері салынған себеттер түрінде материалдық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен Бұланды ауылы мектебінің 1-сыныбына қабылданатын мұқтаждар санатындағы бала мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Акция бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және жергілікті тұрғындарды қолдауға бағытталған.

Осыған орай, аудан прокуратурасы «Сабиров» жеке кәсіпкеріне және акцияға қатысқан уәкілетті мемлекеттік органдарға әлеуметтік бастамаға бей-жай қарамай, белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіреді.

Аталған акция аясындағы бастамаларды іске асыру жұмыстары жалғастырылады.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1282723?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version