2026 жылдың 21 тамызында М. Тохановтың төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының уақытша жұмыс комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа депутаттар Р. Миңнуллин мен Т. Шакенов, сондай-ақ Новодолинский, Долинка, Шахан кенттерінің әкімдері Е. Исатаев, А. Түсіпов және Ғ.Өмірбеков және Қоғамдық кеңестің бюджет, экономика, қаржы және бизнес жөніндегі комиссиясының төрағасы Е. Керімқұлов қатысты.
Отырыста «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру Бағдарламасын іске асыру» мәселесі қаралды.
Осы мәселені қарау барысында комиссия мүшелері уәкілетті органдарға жақын арада абаттандыру саласындағы анықталған кемшіліктерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, соның ішінде:
1) Новодолинский және Шахан ауылдарындағы балалар ойын алаңдарына бейнебақылау және қоқыс жәшіктерін орнатуды;
2) Новодолинский ауылындағы балалар ойын алаңдарына қоршаулар орнатуды;
3) Барлық ауылдардың балалар ойын алаңдарына жарықтандыру құрылғылары жетіспейтін жерлерге орнатуды.
Комиссия жұмысы жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1282476?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау