2026 жылғы 28 тамызда Жезқазған қаласында өткізілген «Мемлекеттік тіл саясаты: ғылым және креативті индустрия» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске Ұлытау облысының Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетімен және Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 3.2-тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 28 тамызда Жезқазған қаласында өткізілген «Мемлекеттік тіл саясаты: ғылым және креативті индустрия» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске Ұлытау облысының Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру, жасанды интеллект кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көрнекі ақпарат пен маңдайшаларды орналастыру талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланып, аталған бағыттар бойынша тиімді тәжірибелер таныстырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1282856?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version