Абай облысында егін жинау науқаны жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Статистикалық деректерге сәйкес ағымдағы жылы егін жинау алаңы 790,9 мың га өткен жылмен салыстырғанда 8,8 мың га артты (оның ішінде дәнді дақылдар – 275,6 мың га, майлы дақылдар 368,7 мың га, картоп 5,5 мың га (2,6 мың га АШТӨ), көкөніс-бақша дақылдарын 5,5 мың га, 135,6 мың га жем-шөп дақылдары) құрайды.

Бүгінгі күнге барлығы 111,5 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе 40,4% жиналды. Орташа өнімділік 10,5 ц/га құрап, 117,1 мың тонна астық бастырылды.

Бидай жинау алаңы 211,6 мың га құрайды. Бүгінгі күні 81,9 мың га орылды, 85,9 мың тоннадан астам бастырылды, орташа өнімділік 10,5 ц/га.

Картопты жинау алаңы 5,5 мың га құрайды, бүгінгі күні 115 га жиналды, орташа өнімділігі 200 ц/га құрап, 2,3 мың тонна жиналды.

Көкөніс-бақша дақылдарын жинау алаңы 5,5 мың га құрайды. Қазіргі уақытта 1,6 мың га жиналып, орташа өнімділік 253,2 ц/га құрады, 41,2 мың тонна өнім жиналды.

Сонымен қатар, АШТӨ өтінімдері бойынша егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін 288-291 теңге/литр бағамен 21,0 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Бүгінгі күнге 16,5 мың тоннаның 10,5 мың тоннасы төленіп, 6,7 мың тоннасы жөнелтілді.

Қазіргі уақытта 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн, 700 орақ (жатка) егін жинауға тартылуды.

Жиналған егінді сақтау мақсатында облыста сақтау көлемі 173 мың тонна астық қабылдау кәсіпорындары (3 лицензияланған элеватор), сондай-ақ жалпы сақтау көлемі 870,9 мың тонна ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің астық қоймалары бар.

2026 жылға минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 82,9 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда 76,6 мың тонна минералды тыңайтқышты жеткізу бойынша шарттар жасалып, аталған көлем толық жөнелтілді. Бұл жалпы жоспардың 92,5%-ын құрайды.

Жоспардың қалған 6,3 мың тоннасы күздік дақылдарды егу кезеңінде енгізу үшін қарастырылған.

Ағымдағы жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша, облысқа 14 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні 13,8 млрд теңге сомасына 202 несие берілді, сондай-ақ 643,3 млн теңге көлеміндегі 20 өтінім қаралу сатысында тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1282508?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version