Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы келіп түскен шағым негізінде мұнаралы кранға жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеріс барысында жүк көтергіш жабдықтарды пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты, анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін кранды пайдалану уақытша тоқтатылып, жауапты тұлғаларға орындалуы міндетті нұсқамалар берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жүк көтергіш құрылғыларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1283181?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау