Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркеновтың төрағалығымен 2026 жылғы 31 тамызда алдағы «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылы түсуінің, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалаудың, сондай-ақ Шортанды ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтердің) пайдаланылуының мемлекеттік тиімділік аудиті» аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.
Техникалық оқуға Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Е.Ж. Саусканов, мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Р.А. Қадырбеков, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.М. Досанов, сондай-ақ мемлекеттік аудит тобы қатысты.
Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар аудит бағдарламасының мәселелері қаралып, мемлекеттік тиімділік аудитінің нәтижелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес көрсету тәртібі талқыланды.
Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Е.Ж. Саусканов мемлекеттік аудит тобының назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.
Мемлекеттік аудит объектілеріне шыққанға дейін мемлекеттік аудит объектілерінің атына мемлекеттік аудит жүргізу туралы хабарламалар жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1282847?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау