Ақкөл ауданының прокуратурасы кәсіпкерлермен бірлесіп «Бизнестен 100 игі іс» қайырымдылық акциясын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақкөл ауданының прокуратурасы Ақкөл ауданының кәсіпкерлерімен бірлесіп «Бизнестен 100 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға көмек көрсетті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен басқа да қажетті заттар табысталды.

Акцияның мақсаты – көмекке мұқтаж балалар мен отбасыларды қолдау, сондай-ақ оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

Осындай қайырымдылық іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің өзара ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

 Ақмола облысының  прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1282704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version