Ақмола облысының спортшылары әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ресей Федерациясының Мәскеу облысы, Жуковский қаласында өрт-құтқару спортынан ұлдар мен жасөспірімдер арасындағы XV әлем чемпионаты және қыздар мен жасөспірім қыздар арасындағы XI әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ұлдар мен жасөспірімдер арасындағы жалпыкомандалық есепте:

 1-орын — Беларусь Республикасы

2-орын — Ресей Федерациясы

3-орын — Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысының спортшылары Калиоллаев Ислам (жоғары жас тобы) және Рыбалкин Дмитрий (орта жас тобы) өнер көрсетті.

Сонымен қатар, 4×100 метрлік өрт эстафетасында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Эстафетаның үшінші кезеңінде Ақмола облысының спортшысы Калиоллаев Ислам өнер көрсетті.

 Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларды туған жерінде Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері салтанатты түрде қарсы алды.

Жеңіспен оралған спортшыларды құттықтаған әріптестері олардың жоғары нәтижелерін атап өтіп, Ақмола гарнизонынан шыққан жас спортшылардың әлемдік аренада ел намысын қорғап жүргенін мақтанышпен жеткізді.  Бұл — спортшыларымыздың тынымсыз еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушыларының кәсіби еңбегінің жемісі.

Ақмола облысының спортшыларын әлем чемпионатындағы жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызға алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1283164?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version