https://www.instagram.com/reel/DcgXr63iJSw/?igsi=cnNrenpvZGd3Z3Zw
Әйтеке би ауданында ардагерлер арасында «Ардагерлер – спортта да сергек» атты спартакиада ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға ауданға қарасты 15 ауылдық округтің 10 ауылдық округінен келген ардагерлер белсене қатысты.
Спорт – денсаулық кепілі. Қоғамдық өмірге белсене араласып, кейінгі буынға өнеге болып жүрген ардагерлеріміздің спортқа деген қызығушылығы қуантады.Жарыс бағдарламасына тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және асық ату спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Ардагерлер тартысты бәсекеде шеберліктерін көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтары мен белсенді өмір салтын ұстанатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімі Д.Тоғызбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ермағанбет қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
🥇 Құмқұдық командасы
🥈 Т.Жүргенов командасы
🥉 Жабасақ командасы иеленді.
Жарыстың басты мақсаты – жеңісті көздеу ғана емес, ардагерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, белсенді өмір сүруге ынталандыру, өзара достық пен сыйластықты нығайту.
Спорт – сергектік, қозғалыс – денсаулық, ал достық – өмірдің сәні!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1283002?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау