2026 жылғы 1 қыркүйек күні сағат 10:00-де мектептің акт залында жалпы ата-аналар жиналысы өткізіледі.
Жиналыс барысында жаңа оқу жылына байланысты бірқатар маңызды мәселелер қарастырылады. Атап айтқанда, оқу жылындағы жаңалықтар, білім беру саласындағы инновациялар мен жаңа бағдарламалар, оқушылардың ішкі тәртіп ережелері мен жауапкершілігі, сондай-ақ мектеп формасына қойылатын талаптар жөнінде ақпарат беріледі.
Ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәліметтер түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіледі.
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді аталған жиналысқа белсенді қатысып, бала тәрбиесі мен білім алуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға шақырамыз.
Өтетін күні: 1 қыркүйек 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: мектептің акт залы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1282948?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау