Атырауда 277 келі бекіре балығын тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Нұрсая ықшам ауданында күдік тудырған Toyota Ipsum маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 339 – бабы, 1 – бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1282977?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version