Атырауда тазалық талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау қаласында санитарлық тазалықты сақтау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

Шаһар басшысы Шәкір Кейкин Атырау қалалық әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімшілігі мамандары мен Атырау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлеріне санитарлық тазалық бойынша рейдтік жұмыстарды апта сайын жүргізіп, жағдайды күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар анықталған құқық бұзушылықтар бойынша рәсімделген хаттамалардың орындалуын қадағалап, берілген нұсқамалар бойынша кемшіліктердің толық жойылуын тексеруді міндеттеді.

Аралау барысында қала тұрғындарының абаттандыру ережелерін бұзғаны анықталды. Мұндай азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 185 әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 7 күн мерзім берілді. Белгіленген уақыт ішінде талаптардың орындалуы уәкілетті органдардың бақылауында болады.

Қала тазалығы – күнделікті назар мен ортақ жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1283093?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version