Балаларға қамқорлықпен: ШҚО полициясы қамқорлықтағы мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балаларға қамқорлықпен: ШҚО полициясы қамқорлықтағы мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қамқорлыққа алынған негізгі орта мектеп-интернатқа барып, оқушыларды Білім күнімен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше толқынысқа толы болды. Барлық оқушыларға полиция қызметкерлері сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күйді концерттік бағдарлама, музыкалық нөмірлер мен шығармашылық қойылымдар толықтырды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов балалар мен ұстаздарға жылы лебізін жеткізді.

«Бірінші қыркүйек – әрбір оқушының өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен ерекшеленетін айтулы күн. Сіздерге жаңа білімді қызығушылықпен меңгеріп, өз күштеріңізге сеніп, жақсы оқып, армандаудан ешқашан қорықпауларыңызды тілеймін. Жандарыңыздан әрдайым қолдау көрсетіп, көмек беретін жандар табылсын. Ал біз, бұрынғыдай, сіздермен бірге болып, әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Серік Манапов.

Кездесу жылы атмосферада өтті. Балалар қонақтардың құттықтауларын қуана қабылдап, мерекелік бағдарламаға қатысып, көңіл бөлгендері мен сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді.

Полиция қызметкерлері үшін қамқорлықтағы мектепке қолдау көрсету – жай ғана дәстүр емес, балаларға жақын болып, оларға қолдау көрсетуге және есте қалатын жылы сәттерді бірге қалыптастыруға мүмкіндік беретін игі іс.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1283029?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version