Аягөз аудандық білім алушылардың республикалық деңгейдегі сауықтыру және танымдық іс-шараларға қатысуына да мүмкіндік жасалды. Атап айтқанда, Қонаев қаласында орналасқан «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ауданнан 15 білім алушы 20 күндік сауықтыру демалысымен қамтылды.
Оқу-сауықтыру орталығында балалардың демалысын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған мәдени-танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өткізілді. Білім алушылар түрлі үйірмелер мен командалық ойындарға қатысып, жаңа достар тауып, өздерінің шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, балалардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1282627?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау