Бөрлі аудандық мәслихатының
2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-1 «2026-2028 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бөрлі аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 – қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 46 537 167 мың теңге:
салықтық түсімдер – 42 125 435 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 197 332 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 101 825 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 3 112 575 мың теңге;
2) шығындар – 48 218 056,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 100 201 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 2 716 080 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 615 879 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржылық активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 3 781 090,1 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 781 090,1 мың теңге;
қарыздар түсімі – 5 922 771 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 2 159 791 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 18 110,1 мың теңге.»;
5 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 8 442 276 мың теңге көлемінде ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 35 240 мың теңге;
кепілдендірілген әлеуметтік пакет – 6 798 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 123 989 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 1 466 680 мың теңге;
Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы Октябрьская, Амангелді Иманов, А.Л.Ковалев, Жамбыл Жабаев, Лесная, Куспинская, Степная, Колхозная көшелері бойынша автокөлік жолдарын қайта жаңарту – 920 792 мың теңге;
Бөрлі ауданы Пугачево ауылының негізгі бөлігінің кентішілік жолдарын салу – 705 488 мың теңге;
Бөрлі ауданының Ақсай қаласы оныншы шағын ауданында №26 тоғызқабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – 1 865 128 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 4,5 канализациялық насосты станциясынан кәріз тазалайтын қондырғыға дейінгі кәріз жүйесін қайта жаңарту – 339 451 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 4,5 канализациялық насосты станциясынан өндірістік аймаққа дейінгі кәріз жүйесін қайта жаңарту – 935 442 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының оңтүстік (ішінара) және солтүстік бөлігіндегі су құбыры жүйесін қайта жаңарту – 1 300 898 мың теңге;
Бөрілі ауданы KLBR-2 Амангелді-Жарсуат автомобиль жолы Подстепное-Теректі- Ресей Федерациясы шекарасы айналма жолынан Жаңаталап кентіне дейінгі учаскесіне 16,8 шақырым (нақты ұзындығы 14,310 шақырым) орташа жөндеу – 360 133 мың теңге;
Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы су құбырын реконструкциялау – 250 832 мың теңге;
тұрғын үй сертификаттарын беру – 100 000 мың теңге;
қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру – 2 405 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томын әзірлеу – 29 000 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 – қосымшасына осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы К.Ермекбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1282530?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау