Департаментте саптық жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаровтың қатысуымен полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және жас жол инспекторларының гарнизондық саптық жиыны өтті. 
 
Полиция қызметкерлері демалыс күндері қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарады. Жиын барысында басшылық тарапынан заңдылықты қатаң сақтау, азаматтармен сыпайы әрі мұқият қарым-қатынас жасау және қызмет атқару кезінде сервистік тәсілді ұстану қажеттігі атап өтілді. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен елді мекендерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында кешенді жұмыстар жүргізеді.
– Біз үшін әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету – басты міндет, – деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров.
 
Қауіпсіздік – ортақ міндет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1282970?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version