«Елге қызмет» бағдарламасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары «AQJAIYQ» телеарнасының «Елге қызмет» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат берді.

Эфир барысында автогаз құю станцияларында (АҒҚС) тұрмыстық газ баллондарын толтыруға қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Мұндай ереже бұзушылықтар бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде орын алған төтенше жағдайларға себеп болған еді. Сондай-ақ телекөрермендерге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді.

Кездесуді қорытындылай келе, спикер газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау  —  азаматтардың өмірі мен мүлкін аман сақтаудың кепілі екенін атап өтті. Бұған қоса, аталған салада мемлекеттік қызметтерді алу процедуралары мерзімдері мен тәртібі бойынша қатаң регламенттелгені айтылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1282515?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version