Интернеттегі инвестициялық алаяқтықтан сақ болыңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және түрлі интернет-платформаларда ұсынылатын күмәнді инвестициялық жобалардан сақ болуға шақырады.

Алаяқтар өздерін брокер, инвестициялық компанияның қызметкері немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, азаматтарға «жоғары табыс», «кепілді пайда», «тәуекелсіз инвестиция» сияқты жалған уәделер береді.

Әдетте алаяқтар бастапқыда аз мөлшерде ақша салуды ұсынады. Кейін жалған сайт немесе мобильді қосымша арқылы салынған қаражаттың өсіп жатқанын көрсетіп, жәбірленушінің сеніміне кіреді. Одан соң «инвестиция көлемін арттыру», «комиссия төлеу», «шотты бұғаттан шығару» деген сылтаулармен қосымша қаражат аударуды талап етеді.

Ақшаны шешіп алу қажет болған кезде жалған сайт жұмысын тоқтатады, аккаунт бұғатталады немесе «кеңесші» байланысқа шықпай қояды. Нәтижесінде азамат өз қаражатынан айырылады.

Алаяқтықтан сақтану жолдары:

  • ⚠️ 100 пайыз кепілдікпен жоғары табыс уәдесіне сенбеңіз.
  • ⚠️ «Бірнеше күнде ақшаңызды бірнеше есе көбейтеміз» деген ұсыныстардан сақ болыңыз.
  • ⚠️ Тез шешім қабылдауға мәжбүрлейтін адамдарға сенбеңіз.
  • ⚠️ Бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша ақша аудармаңыз.
  • ⚠️ Банк картасының деректерін, CVV-кодты және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге бермеңіз.
  • ⚠️ Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.
  • ⚠️ Инвестиция жасамас бұрын компанияның заңды тіркелуін және қызметіне қатысты ақпаратты тексеріңіз.

Қаржылық сауаттылық пен сақтық — интернеттегі алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолдарының бірі.

❗ Сақ болыңыз! Ақшаңызды алаяқтарға бермеңіз!

https://www.instagram.com/reel/DcnLeXMMu2P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version