«Лингвистикалық» лагерь

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Аягөз қаласында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыру және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында маусым айында маусымдық «Лингвистикалық» лагерь ұйымдастырылды. Лагерь жұмысына жалпы 150 бала қамтылып, балалардың жас ерекшеліктері мен тілдік деңгейлеріне сәйкес 3 лек ұйымдастырылды. Лагерь 13 маусымнан бастап кезең-кезеңімен жұмыс жүргізді.

  Лагерь барысында білім алушылардың ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тілдік сабақтар, сөздік қорды молайтуға арналған ойындар, диалогтік жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыстар мен танымдық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында шет тіліндегі әндер, ойындар, викториналар және интерактивті әдістер кеңінен қолданылды.

  Лагерьдің негізгі мақсаты – балалардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың өз ойын еркін жеткізу, топпен жұмыс жасау, бір-бірімен қарым-қатынас орнату және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1282615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version