МӘЖІЛІСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев төрағалық етті.
 
Күн тәртібінде құрылыс нысандарындағы жұмыстардың барысы, әлеуметтік тұрғыдан осал D және E санаттарындағы азаматтармен жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.
 
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев құрылыс нысандарындағы жұмыстардың қазіргі жағдайы, жоспарланған міндеттердің орындалуы және нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
 
Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан осал D және E санаттарындағы азаматтармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды. Бұл бағыт бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рабиға Бейсебаева атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
 
Жиында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша да мәселелер көтерілді. Аудандық және қалалық емхана басшылары медициналық сақтандыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен саладағы өзекті мәселелер туралы баяндама жасады.
 
Бұдан бөлек, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралып, елді мекендердегі су жүйелерінің жай-күйі мен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тиісті ақпарат берілді.
 
Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешуге бағытталған нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы жауапты басшылардың бақылауына алынды.
 
Аудан әкімдігінде қаралған мәселелердің барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі түрде шешуге, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1283212?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version