Павлодар қалалық мәслихатының XLVI кезектен тыс сессиясы өтті.
⠀Депутаттар қалабюджетіне, стратегиялық жоспарлауға жәнехалықты әлеуметтік қолдауға қатысты бірқатармәселелерді қарастырды.
⠀Атап айтқанда, «2026–2028 жылдарға арналғанПавлодар қаласының бюджеті туралы» шешімгеөзгерістер енгізілді.
⠀Нақтылау облыстықтрансферттер бойынша қаржыландыру көлемініңжалпы сомасы 4 миллиард 373 миллион теңгеденастам сомаға өзгеруіне байланысты жүргізілді.
⠀Сондай-ақ депутаттар Павлодар қаласының2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарынаенгізілген өзгерістерді қарастырды. Бұл құжатоблыс орталығын одан әрі дамытудың негізгібағыттары мен мақсаттарын айқындайды. Жоспарды өзектендіру қала жоспарын Павлодар облысын дамыту жоспарымен сәйкестендіругемүмкіндік береді.
⠀Бұдан бөлек, әлеуметтік көмек көрсету, оныңмөлшерін белгілеу және көмекке мұқтажазаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жоба әлеуметтіктөлемдердің мөлшерін біріздендіруге және шынмәнінде көмекке мұқтаж азаматтарға атаулы қолдаукөрсетуге бағытталған.
⠀Сонымен қатар депутаттар Павлодар қалалықмәслихатының бірқатар басқа шешімдерінеөзгерістер енгізу мәселелерін қарастырды.Көтерілген мәселелердің барлығы бойынша тиістішешімдер қабылданды.
⠀
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1283206?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау