Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Мектепке барар жол» акциясы аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті ерекше шара ұйымдастырды.
Департаменттің жеке құрамында қызмет ететін қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балаларына жаңа оқу жылына арналған рюкзактар мен кеңсе тауарлары табыс етілді.
Шара балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олар үшін танымдық әрі қызықты күнге айналды. ТЖД қызметкерлері бүлдіршіндерге арнап арнайы көрме өткізіп, онда құтқару техникалары мен заманауи құрал-жабдықтарды таныстырды.
Балалар құтқарушылардың кәсіби міндеттерімен танысып, нағыз батырлардың жұмысы қандай болатынын өз көздерімен көрді. Мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін аниматорлар мен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар түрлі ойындарға қатысып, қуанышқа бөленді. Ата-аналар мен қонақтар бұл бастаманың балалар үшін маңызды әрі есте қаларлық болғанын атап өтті.
Қарағанды облысы ТЖД ұжымы барлық бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды! Алда білім мен жаңалыққа толы қызықты күндер күтіп тұр. Әрбір балаға оқуда табыс, жарқын жетістіктер, жақсы достар және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жаңа оқу жылы қауіпсіз, сәтті және қуанышқа толы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1282528?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау