Қарағанды облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында пайдалы қазбаларды өңдеумен және байытумен айналысатын ұйымдардың басшыларымен әрі өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында байыту өндірісінің қауіпті объектілеріндегі шлам жинағыштарды, қалдық пен паста қоймаларын қауіпсіз пайдалану талаптары талқыланды. Сонымен қатар гидротехникалық құрылыстарды қолданатын кәсіпорындар үшін технологиялық регламенттерді қатаң сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік бақылау кезінде жиі анықталатын бұзушылықтар таныстырылды. Кеңесте өндірістік бақылауды ұйымдастыруға, су тасқыны кезеңінде су бұратын дренаждық арналардың әзірлігіне, сондай-ақ нысандардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізуге баса назар аударылды. Мұнымен қоса, кез келген төтенше жағдайда персоналдың қалдық пен шлам шаруашылықтарындағы апаттарды ОЖЖ (апаттарды жою жоспары) бойынша жоюға дайын болуы керектігі ескертілді. Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті орган мен кәсіпкерлік субъектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимылын одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1283023?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау