«Қазақстан – ядролық қарусыз ел» тарихи-танымдық іс-шарасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай Май аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан – ядролық қарусыз ел» атты тарихи-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – Семей ядролық полигонының халқымызға тигізген зардабы туралы тарихи шындықты дәріптеу, полигон қасіретін көрген азаматтардың естеліктерін кейінгі ұрпаққа жеткізу және Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру жолындағы бейбіт бастамаларын насихаттау.

Шара барысында «Полигонның қасіреті» атты бейнефильм көрсетіліп, полигон куәгерлері, «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен сала мамандары сөз сөйлеп, өз естеліктері мен ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесуде Семей полигонының жабылуының тарихи маңызы, зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері, радиациялық қауіпсіздік және ядролық сынақтардың экологиялық салдары туралы кеңінен айтылды.

📚 Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері «Қазақстан – ядролық қарусыз ел» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Семей ядролық полигонының тарихы, ядролық сынақтардың зардаптары, «Невада-Семей» қозғалысы, оның жетекшісі Олжас Сүлейменовтің қоғамдық қызметі және Қазақстанның ядролық қарусыздану саясаты туралы кітаптар мен деректі басылымдар қойылды. Кітапханашылар көрмеге шолу жасап, қатысушыларды тарихи-танымдық әдебиеттермен таныстырды.

«Өткенді ұмытпайық! Болашақты ядролық қарусыз құрайық!»

Бейбітшілік – барша адамзатқа ортақ құндылық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1282635?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version