Қоғамдық бақылау: диалогтан нақты нәтижелерге дейін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Т. Абрахманов, хатшысы А.Ж. Абылкасова және Қоғамдық кеңес мүшесі О. Баимова Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласында өткен «Қоғамдық бақылау: құралдары, тетіктері және үздік тәжірибелер» тақырыбындағы диалог алаңына қатысты.

Іс-шараға Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, облыс аудандарының Қоғамдық кеңес төрағалары мен хатшылары, мемлекеттік органдардың, мердігерлік ұйымдардың, техникалық қадағалау қызметтерінің өкілдері және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның практикалық бөлімінде қатысушылар Макинск қаласындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын – жергілікті мектеп пен Орталық саябақты аралап көрді. Нысандардағы жұмыстардың барысы мен сапасы, белгіленген мерзімдердің сақталуы зерделеніп, тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдардың өкілдерінен тиісті түсініктемелер алынды.

Диалог алаңының негізгі бөлімі аудандық Мәдениет үйінде өтті. Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы жағдайындағы Қоғамдық кеңестердің рөлі, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар қоғамдық бақылаудың тиімді құралдарына ерекше назар аударылып, облыс аудандарындағы Қоғамдық кеңестердің озық тәжірибелерімен өзара пікір алмасу жүргізілді. Мемлекеттік органдардың, прокуратура және қоғам өкілдері қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерімен бөлісті.

Іс-шара ашық пікірталаспен қорытындыланып, қатысушылар атқарылған жұмыстарды саралап, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/1282798?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version