ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ – ТАРИХИ СӘТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының ұжымы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы бірінші сессиясын тыңдады.

Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи кезең. Сессия барысында Құрылтайдың жаңа кезеңдегі қызметіне қатысты маңызды мәселелер талқыланып, ел дамуының өзекті бағыттары сөз болды.

Осындай ел тағдыры шешілетін алқалы жиында Жетісу өңірінің үні де асқақ естілмек. Облыс атынан Құрылтай депутаттығына Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Елдос Баялышбаев, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Арман Жансенгіров және ALACEM, KORCEM, SHARCEM, AQTOBECEM инвестициялық жобаларының жетекшісі Станислав Щербаков сайланды.

Бұл сенім – өңіріміз үшін үлкен мәртебе болумен қатар, иыққа артылған зор жауапкершілік. Жерлестеріміздің бұл мәртебелі миссияны абыроймен атқарып, Жетісудың мүддесін елдік деңгейде лайықты қорғайтынына сеніміміз мол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1282497?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version