«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жағажай аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық тазалығы мен көркейтілуіне ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты – табиғи ортаны қорғау, жағажай аумағын таза әрі көрікті ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама. Табиғатты таза ұстау – баршамызға ортақ міндет!
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1282662?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау