ШҚО-да «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 47 заң бұзушылық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында 24-28 тамыз аралығында өткен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзу фактілерін анықтау.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аң аулау құралдарын сақтау және пайдалану талаптарының сақталуын да тексеріп, әрбір анықталған факті бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылдады.
Төрт күн ішінде полиция қызметкерлері 47 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 25-і аң аулау қағидаларын бұзуға, 21-і балық аулау қағидаларын бұзуға байланысты болса, тағы бір факті ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы бойынша тіркелді.
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды аң аулау және балық аулау қағидаларын қатаң сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулауға жол бермеуге және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1282553?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау