ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ұйымдастырған «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ортақ жүйесі» атты біліктілікті арттыру курсына облыс оқытушылары барып қайтқан болатын. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы осы курсқа қатысып қайтқан өңір оқытушыларымен ZOOM платформасында тәжірибе алмасу кездесуін ұйымдастырды.
Бес күндік курс барысында меңгерілген заманауи әдістемелер мен тиімді тәжірибелерді келесі спикерлер ортаға салынды:
* Динара Тәрбиеқызы Жупенова (Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының қазақ тілі оқытушысы) – «А1–А2 деңгейі: тіл логикасын үйрету жолдары»;
* Айнұр Асанханқызы Бәйімбетова (Балқаш қаласының тілдер орталығының қазақ тілі оқытушысы) – «B1–B2 деңгейіндегі грамматикалық құрылымдарды функционалды тұрғыдан үйрету жолдары» және «С1 деңгейі: тілді заманауи оқытудың әдістемелік жүйесі»;
* Рауана Ерболқызы Мусаева (Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы) – «Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық пен ортақ әдістемелік қағидаттары»;
* Айна Жарқынқызы Ахметова (Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы) – «AI құралдары арқылы қазақ тілі сабақтарының сапасын арттыру жолдары» және «Қазақ тілін оқытудың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект мүмкіндіктері».
Кездесуге өңірдегі тіл саясатына жауапты мамандар, әдіскерлер, оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қатысып, өзара пікір алмасты.
Мұндай шаралар өңірдегі мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыруға және оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін нығайтуға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1282513?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау