«Таза Қазақстан» акциясы аясында аулаларды аралау жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл аумағында тазалық пен абаттандыру жағдайын бақылау мақсатында аулаларды аралау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ауыл әкімі мен жергілікті полиция инспекторы бірлесіп қатысып, тұрғын үйлердің аумағын аралап, аулалардың санитарлық тазалығы мен абаттандырылу жағдайына назар аударды. Аралау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ауыл аумағын таза әрі көрікті ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ескертулер берілді. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Ауылымыздың көркейіп, таза әрі жайлы болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1282765?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version