ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАҚОРҒАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында елді мекендердің аумақтары тазаланып, көшелер мен қоғамдық орындар абаттандырылды. Тұрғындар мен мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, мұндай санитарлық-тазалық жұмыстары ауданның барлық елді мекендерінде жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Қоршаған ортаны таза ұстау, туған жерге жанашырлық таныту – әр азаматтың міндеті.
«Таза Қазақстан» – тазалықты ғана емес, елге деген сүйіспеншілік пен ортақ жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды бастама.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1282733?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version