“Таза Қазақстан” жобасы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалық пен абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бағытында профилактикалық жұмысты жалғастырып жатыр.
Соның ішінде Арыс ауданында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластау және тыныштықты бұзу фактілері бойынша 94 жайт, абаттандыру қағидаларын бұзудың 214 жайты анықталған.
Мәселен, Арыс қаласы көшелерінің бірінде тұрғын үй аумағына құрылыс қалдықтарының белгіленбеген жерде жиналғаны анықталды. Полиция қызметкерлері құқық бұзған тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аумақты ретке келтіруді қамтамасыз етті.
Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілеріне жол бермеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1282994?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау