Тұрмыстық зорлық-зомбылық – жеке отбасының мәселесі емес, ол адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқық бұзушылық. Егер сіз осындай жағдайдың куәгері болсаңыз, бейжай қалмаңыз. Сіздің әрекетіңіз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек?
Қауіп төнсе, дереу полицияға хабарласыңыз.
Егер жанжал адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірсе, 102 немесе 112 нөміріне бірден қоңырау шалыңыз.
Өзіңіздің қауіпсіздігіңізді ұмытпаңыз.
Егер жағдай қауіпті болса, жанжалға тікелей араласпаңыз. Ең дұрыс шешім – құқық қорғау органдарына хабарлау.
Мүмкіндігінше нақты ақпарат беріңіз.
Оқиға болған мекенжайды, уақытын және көрген жағдайыңызды нақты жеткізіңіз. Бұл полицияның жедел әрекет етуіне көмектеседі.
Жәбірленушіге қолдау көрсетіңіз.
Жағдай тынышталғаннан кейін қауіпсіз болса, моральдық қолдау білдіріп, қажет болған жағдайда медициналық немесе психологиялық көмекке жүгінуге кеңес беріңіз.
«Бұл – олардың жеке мәселесі» деген көзқарас қауіпті. Уақтылы көрсетілген көмек ауыр зардаптардың алдын алуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1282459?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау