Ұйғыр ауданында жылжымалы медициналық кешен арқылы скринингтік тексерулер жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында шалғай елді мекендерде профилактикалық және диагностикалық тексерулер ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың 24 тамызынан бастап Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының мамандары заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешенмен Ұйғыр ауданының Кетпен және Шарын ауылдарына жоспарлы түрде барды.

Жылжымалы медициналық кешен компьютерлік томография (КТ), цифрлық маммография және жоғары санатты ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен жабдықталған. Бұл тұрғындарға қажетті медициналық тексерулерден өз елді мекендерінде өтуге мүмкіндік береді.

Жұмыс барысында ауыл тұрғындарына:

* 141 маммографиялық зерттеу;
* 132 УДЗ зерттеуі;
* 202 КТ зерттеуі жүргізілді;
* 39 тұрғынға бейінді мамандардың консультациясы ұйымдастырылды.

Жыл басынан бері жылжымалы медициналық кешен облыстың 44 елді мекенін қамтыды. Осы кезеңде 4 420 маммография, 3 568 УДЗ және 2 760 КТ зерттеуі жүргізілді.

Скринингтік және диагностикалық тексерулердің нәтижесінде 25 қатерлі ісік және 501 ісік алды жағдай анықталды.

Мұндай жұмыстар ауруларды ерте кезеңде анықтап, уақытылы ем тағайындауға мүмкіндік береді. Жылжымалы медициналық кешендердің елді мекендерге шығуы, әсіресе шалғай ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1282958?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version