В Акмолинской области обсудили развитие современных лесных питомников

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 тамызда «Қазақстан Орманы» ЖШС орман питомнигінің аумағында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың және Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановтың қатысуымен көшпелі кеңес өтті. Мемлекеттік органдар мен орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері питомниктік базаны дамыту, отырғызу материалдарының сапасы, сондай-ақ ормандарды қалпына келтіру және көгалдандыру жұмыстарына жеке сектордың қатысу мәселелерін талқылады.  Қатысушыларға питомниктің өндірістік инфрақұрылымы таныстырылды. Жобаның жалпы алаңы 485 гектарды құрайды, оның 85 гектары суарумен қамтамасыз етілген. Көлемі 12 мың текше метр су жинақтағыш салынған. Алаң жылына 50 миллионға дейін орман және сәндік дақылдардың көшеттері мен екпе көшеттерін өсіруге есептелген.  «Орманды тұрақты қалпына келтіру жұмыстары ағаш отырғызу сәтінен емес, одан әлдеқайда ертерек – сапалы тұқымнан, дұрыс өсіруден және жергілікті жағдайларға бейімделген ағаш түрлерін таңдаудан басталады. Бұған екпелердің жерсінуі, оларды күтіп-баптауға жұмсалатын шығындар және түпкілікті нәтиже тікелей байланысты», – деп атап өтті Е. Нысанбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1282571?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version