Қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кезекті акция өтті.Акция барысында ауыл тұрғындарымен тікелей кездесулер ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, вандализмге жол бермеу және заң талаптарын қатаң орындау бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық жадынамалар мен ақпараттық таратпа қағаздар үлестірілді.Іс-шара ауылда құқықтық тәртіпті күшейтуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1282937?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау