Жамбыл облысында көлігінің мемлекеттік нөмірін жасырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жамбыл облысында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлерін әдейі жасырып немесе өзгертіп пайдаланған жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады.

     Мұндай әрекет кей жағдайда жүргізушілердің жолдағы өзге де құқық бұзушылықтарын, соның ішінде белгіленген жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқа да қауіпті маневрлерді бақылау камераларының тіркеуінен жасыруға бағытталуы мүмкін.

     Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлігінің мемлекеттік нөмірін өзгертіп пайдаланған. Екіншісі көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан қайтадан рөлге отырған. Ал тағы бір жүргізуші мемлекеттік нөмірін мүлдем алып тастап, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Мұндай әрекет өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

     Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы және 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

     Нөмірді алып тастау немесе жасыру – жолдағы тәртіпті айналып өтудің амалы емес. Полиция мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң аясында бағаланатынын еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1282780?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version