Жаңа оқу жылы — қауіпсіздіктен басталады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті ата-аналар мен жол қозғалысына қатысушыларды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады

Жаңа оқу жылының басталуына орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздар мен жүргізушілерге жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Оқу жылы басталған алғашқы күндері білім беру ұйымдарының маңында көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілер саны артады. Осыған байланысты мектептер мен балабақшаларға жақын аумақтарда жүргізушілер жылдамдықты төмендетіп, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне ерекше назар аударуы қажет.

Ата-аналарға: балаларға жолдан қауіпсіз өту ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп, мектепке бару және үйге қайту бағытын алдын ала пысықтау маңызды. Сонымен қатар баланың қайда жүргенін және кіммен араласатынын бақылауда ұстау — оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

Жүргізушілерге: балалардың жол бойында күтпеген жерден пайда болуы мүмкін екенін ескеріп, мектептер мен балабақшалар маңында аса сақ болу қажет. Жылдамдық режимін сақтау және жаяу жүргіншілерге жол беру — әрбір жүргізушінің міндеті.

Оқушыларға: жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтіп, бағдаршамның рұқсат беретін белгісін күту, жол бөлігінде ұялы телефонға алаңдамау және құлаққаппен жүрмеу ұсынылады.

Полиция департаменті барша жол қозғалысына қатысушыларды балалардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға шақырады.

Баланың жолдағы қауіпсіздігі — ересектердің жауапкершілігінен басталады!

Қауіпсіз оқу жылы — баршамызға ортақ міндет.

Көмек қажет болған жағдайда 102 нөміріне хабарласыңыз.

https://www.instagram.com/reel/Dcs-U6Csa6F/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283012?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version