Бүгін Астананың мыңдаған оқушысы үшін алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылына жол ашылды. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше толқынысқа толы болды.
Білім күні Астана қаласы Полиция департаментінің басшы құрамы елордалық мектептерге барып, ұстаздармен, оқушылармен және ата-аналармен бірге оқу жылын бастаған маңызды күннің қуанышын бөлісті.
Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев №60 мектеп-лицейге барды. Мұнда жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын барысында елордалық полиция басшысы «Жас сақшы» сыныбының оқушыларымен кездесті. Бұл сыныпта білім алып жүрген жасөспірімдер бүгінде полиция қызметіне қызығушылық танытып келеді.
Марат Төлебаев бірінші сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлді. Балаларды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтап, оларға білімге деген құштарлық, оқуда жетістік, жаңа достар және жарқын мектеп жылдарын тіледі.
Оқу жылы бойы полиция қызметкерлері елорданың білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмысты жалғастырады. Мектептерде балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына бағытталған профилактикалық кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы әр оқушы үшін табысты, қызықты және ең бастысы — қауіпсіз болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1283799?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау