1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер әкелсін. Ұстаздарға еңбектеріңізге шығармашылық табыс, шәкірттеріңізге білімге деген құштарлық, ал ата-аналарға балалардың жетістіктеріне қуана беруді тілеймін.
Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тілеймін! Ал мектеп бітіруші түлектерге алға қойған мақсаттарына жетіп, таңдаған мамандықтарының білікті иесі болуларына тілектеспін.
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы қадамдарыңыз нық, болашақтарыңыз жарқын болсын!

Ізгі ниетпен,
Ақжар ауылдық округінің әкімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar-akzhar/press/news/details/1283442?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version