Білім мен ғылымның бастауы – 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! Бұл күн – тек оқушылар мен ұстаздардың ғана емес, барлық қауымның мерекесі. Себебі, елдің болашағы бүгінгі ұрпақтың қандай білім алып, қандай тәрбиеленіп жатқанына тікелей байланысты.
Әрбір баланың сапалы білім алуы, қауіпсіз әрі бақытты ортада өсуі – біз үшін басты құндылық. Кемел білім мен ізгі тәрбие ұштасқан жерде ғана ұлттың ертеңгі тұғыры мықты болары анық. Ортақ болашағымыздың иелерін қорғау, әрбір жеткіншектің қанатын кеңге жаюына жағдай жасау – қасиетті де жауапты парызымыз.
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталып, балалар алғашқы қоңырау үнімен білім ордаларына қадам басты.
2026–2027 оқу жылында Қазақстан мектептерінде 4,1 миллионнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде еліміз бойынша 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданды.
Білім – теңіз, сарқылмас байлық. Баршаңызға сол теңізден еркін жүзіп, білімнің шыңына қанат қағуларыңызға тілектеспіз. Жаңа оқу жылы баршамызға берекелі, табысты және жемісті болсын!
Жаңа оқу жылы әрбір шаңыраққа шаттық, оқу ордаларына ізденіс пен табыс алып келсін. Шәкірттеріміздің танымы кең, қадамы нық, ал ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым ақталып, шығармашылық биіктерден көріне бергей!
Әрбір баламыз алаңсыз күліп, әлемді біліммен өрнектейтін жарқын болашаққа бірге қадам басайық!
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1283872?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау