1 қыркүйек – Білім күніне орай Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов Зерноград негізгі орта мектебіне барып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Білім күні – әрбір оқушы үшін ерекше толқыныс пен қуанышқа толы мереке. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек. Ал ұстаздар қауымы үшін жаңа оқу жылы – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағытталған жауапты кезеңнің бастауы.
Салтанатты жиында мәслихат төрағасы А. Әлжанов мектеп ұжымына қажырлы еңбектері үшін алғысын білдіріп, ұстаздарға шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және зор денсаулық тіледі. Оқушыларға жаңа оқу жылында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, білімді, талапты әрі ел болашағына үлес қосатын азамат болып қалыптасуына тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар, алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ақжолтай тілектер айтылды. Бүлдіршіндер үшін жаңа білім әлеміне басталған бұл қадам жарқын жетістіктер мен қызықты жаңалықтарға толы болсын деген ізгі ниет білдірілді.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Мектеп оқушыларының білімге деген қызығушылығы артып, ұстаздардың еңбегі жемісті болсын!
Барша ұстаздар мен оқушыларды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1283743?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау