Абай ауданында жаңа гүлзар пайдалануға беріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуінде Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселе оң шешімін тапты.

Тұрғындардың өтініші негізінде Абай ауданының әкімі Шәкір Асылханұлының тікелей ұйымдастыруымен аталған аумақта заманауи қоғамдық кеңістік – жаңа гүлзар құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілмек.

Жаңа гүлзар тұрғындардың демалысына, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне арналған. Жобаның негізгі көрсеткіштері:

  • Жалпы аумағы – 36 сотық;

  • Көгалдандырылған аумақ – 1 600 шаршы метр газон;

  • Жаяу жүргіншілер жолы – 6 500 шаршы метр аяқжол;

  • Жарықтандыру – 30 дана заманауи жарықшам.

Аталған жоба тұрғындардың тікелей өтініші негізінде Абай ауданы әкімдігі тарапынан жүзеге асырылуда.

Жаңа қоғамдық кеңістік шағын ауданның сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға және қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1283645?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version