Адам құқықтарының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды облысы Абай қаласының «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Адам құқықтарының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды облысы Абай қаласының «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Барудың барысында мекеменің тұрғын, тұрмыстық және өзге де үй-жайлары қаралып, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларды орналастыру және оларға қызмет көрсету жағдайлары зерделенді. Тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді және бос уақытты ұйымдастыруға, үй-жайлардың санитариялық жай-күйіне және қолда бар материалдық-техникалық базаға назар аударылды.
Мекеме қызметкерлерімен адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызмет алушыларға қатысты физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа, немқұрайлы, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа жол берілмейтіні атап өтілді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы әрбір адамға ізгілікпен және құрметпен қарауды қамтамасыз ету талаптары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1283387?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version