1 қыркүйек күні Астанада әлеуметтік бизнесті дамыту, мемлекеттік және қаржылық қолдау шаралары, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер тақырыбына арналған «Әлеуметтік кәсіпкерлік – 2027» семинары өтеді.
Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енген кәсіпкерлерге, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін алуды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге арналған.
Семинар аясында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, Астана қаласының Мансап орталығының, KMF Банкінің және TABYS қауымдастығының өкілдеріне тікелей қоя алады.
Семинар барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы шараларына, жұмыс орындарын субсидиялауға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік, технологиялар мен инновацияларды енгізу, әлеуметтік бизнесті дамытуға арналған халықаралық мүмкіндіктер мәселелері қарастырылады. Бұдан бөлек, Әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салааралық кеңес құру мәселесі талқыланады. Ал KMF Банкінің өкілдері арнайы «3-в-1» шешімін таныстырады.
Семинар әлеуметтік кәсіпкерлердің өз қызметінде кездесетін практикалық мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен тікелей диалог орнатуға арналған ашық алаң болмақ.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 1 қыркүйек, сағат 15:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Б. Момышұлы даңғылы, 2/1, 4-қабат, амфитеатр
Қатысу: тегін
Тіркелу телефондары:
+7 (7172) 556 910
+7 (7172) 556 903
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1283568?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау