Алматыда жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы, сондай-ақ қолданыстағы білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Биыл қалада 1 930 оқушыға арналған бес жаңа мектеп пен 800 орындық үш балабақша салынуда. Сонымен қатар №16, №112 және №170 мектептерге жапсаржайлар бой көтеріп, қосымша 900 оқушы орны ашылады.
Жыл басынан бері Алматыда жеті білім беру нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 15 нысанды аяқтау жоспарланған. Оның ішінде екі мектеп, үш жапсаржай, тоғыз мектепті реконструкциялау және сейсмикалық күшейту, сондай-ақ Тілендиев көшесіндегі балабақша бар.
Бұдан бөлек, Алғабас шағынауданында колледж, Саялы және Жас-Қанатта Оқушылардың шығармашылық орталықтары салынуда.
2027 жылдың соңына дейін Алматыдағы 31 мектепті жаңғырту жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1283751?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау