АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ НАҚТЫ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданы әкімдігінде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев төрағалық етті.
Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет кірістерінің орындалуы және бірқатар салалардағы жұмыстардың жай-күйі талқыланды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен жергілікті бюджетке түсетін түсімдер туралы баяндады.
Аудан басшысы бюджет кірісін ұлғайтуға бағытталған жұмысты күшейтуді тапсырды. Салық базасын кеңейту, берешекті өндіріп алу, көлеңкелі айналымды қысқарту және қосымша түсім көздерін анықтау бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Әкімдік құрылымдары жоспарлы көрсеткіштермен шектелмей, аудан қазынасын толықтырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс. Бұл ретте әр бағыт бойынша жауапты тұлғалардың жұмысы нақты нәтижемен бағаланатыны айтылды.
Күн тәртібінде күзгі механикалық тазалау жұмыстарына дайындық және аукцион арқылы жер учаскелерін өткізу мәселелері де болды. Жауапты бөлім басшысының орынбасары атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жер мәселесіне қатысты аудан әкімі заң талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Заңсыз жер пайдалану мен өз бетінше жер иеленудің алдын алу, жер учаскелерін рәсімдеу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету және халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.
Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің орындалу барысы қаралды. Аудандық емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев осы бағыттағы ахуал туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, планшет құрылғыларын пайдалану, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы және аудандағы қоғамдық-саяси ахуал жөніндегі мәселелер сараланды.
Жиын соңында аудан әкімі жауапты басшыларға жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімде орындауды және әр жұмыстың нәтижесін қамтамасыз етуді тапсырды. Берілген тапсырмалардың орындалуы тиісті басшылардың жеке бақылауында болатынын ескертті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1283270?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version