Ақмола облысында жаңартылған екі теміржол вокзалы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында Елтай және Есіл станцияларының теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталдыНысандарды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді

Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимараттарынинженерлік инфрақұрылымдыжолаушылар аймақтары мен іргелес аумақтарды жаңартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілдіШатырды монтаждау және жөндеусыртқы және ішкі әрлеуинженерлік желілерді орнатуперрондарды қайта жаңғырту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстары орындалды

Вокзалдардың қауіпсіздік деңгейі мен қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөліндіЖаңа эвакуациялық шығу жолдары ұйымдастырылыпөрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес есіктер орнатылдыҚозғалысы шектеулі азаматтар үшін пандустар жабдықталды

Нысандарды жаңарту барысында заманауиберікөрт қауіпсіздігі талаптарына сай және оңай тазаланатын материалдар қолданылдыВокзалдардың қасбеттері фиброцементті панельдермен қапталыпішін әрлеуде керамогранит, гранит және коммерциялық линолеум пайдаланылдыҚұрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде отандық материалдар қолданылды

Елтай станциясының теміржол вокзалы 1973 жылы салынғанҚайта жаңғырту нәтижесінде бір қабатты ғимараттың ауданы 217,9 шаршы метрден 246,8 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Вокзал 2-санатқа жатады. Станция арқылы Павлодар, КөкшетауБурабай курорты, ПетропавлҚостанай, Астана және Қарағанды бағыттарымен қатынауды қамтамасыз ететін 10 жолаушылар пойызы өтеді

Есіл станциясының теміржол вокзалы 1943 жылы салынғанҚайта жаңғырту барысында пайдаланылатын жертөлені қоса алғандабір қабатты ғимараттың ауданы 406 шаршы метрден 485,4 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Вокзал 3-санатқа жатады. Станция арқылы Қостанай, Шу, Алматы, Астана, ҚарағандыОралАқтөбеМаңғыстау, Бейнеу, Семей және Арқалық бағыттарымен қатынауды қамтамасыз ететін 18 жолаушылар пойызы өтеді

Екі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруғажолаушылар мен теміржол саласы қызметкерлері үшін неғұрлым жайлықауіпсіз әрі қолжетімді жағдай жасауғасондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарының сыртқы келбетін жақсартуға мүмкіндік береді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kjvt/press/news/details/1283549?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version