Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, өңірдегі медициналық ұйымдарға заманауи цифрлық сервистерді енгізу жұмыстарының аралық қорытындысын шығарды. Негізгі жетістіктердің бірі – Damumed жүйесінде «Онлайн-кезек» модулінің іске қосылуы. Бұл тіркеу бөлімдерінің жүктемесін азайтып, қосымша жабдық сатып алуға шығындалмай-ақ, пациенттердің күту уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
Поликлиникалар мен ауруханаларда «Онлайн-кезек» модулін пайдалану статистикасы:
- «Қалалық емхана» ШЖҚ КМК (Көкшетау қаласы) – 1 730 жазба
- «Viamedis Kosshy» ЖШС (Қосшы қаласы) – 926 жазба
- «Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК – 330 жазба
- «БМСК орталығы» ШЖҚ КМК – 208 жазба
- «Панацея клиникасы» ЖШС – 196 жазба
- «Ақкөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК – 1 жазба
Учаскелік қызмет пен жасанды интеллектіні дамыту:
Смарт-технологиялар: өңірдегі шамамен 14 мың медицина қызметкері күн сайын Damumed мобильді қосымшасын пайдаланып, үйде ем алатын 57 мыңға жуық пациентке қызмет көрсетеді. Бұл ретте электрондық еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамалар рәсімделеді.
«Alima 1.0» жасанды интеллект көмекшісі: дәрігерге көмек көрсететін интеллектуалды жүйе енгізілуде. Ол медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Болашақ жоспарлар («Alima 2.0»): пациенттің цифрлық бейінін автоматты түрде қалыптастыру, клиникалық хаттамалар базасын интеграциялау және пациент пен учаскелік дәрігер арасында тікелей байланыс орнату жоспарлануда.
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы «ДамуМед» КМИС-пен бірлесіп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында өңірдің барлық медициналық ұйымдарында озық цифрлық шешімдерді ауқымды түрде енгізу жұмыстарын жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1283692?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау