Ақтау мектептерінде Білім күніне орай полицейлер профилактикалық кездесулер өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күніне орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басқарма басшылары өңір мектептеріне бекітіліп, жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Таңғы саптық жиыннан кейін полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген білім беру ұйымдарына барып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Яхиев Ақтау қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектепте өткен салтанатты іс-шараға қатысты.

Кездесу барысында полиция өкілі оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың және жолдарда абай болудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берілмейтіні ескертілді.

Сондай-ақ оқушыларға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де маңызды талаптар түсіндірілді.

Кездесу барысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қатысудың маңыздылығы да айтылды. Аталған бастама тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған қала мен ел алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Полиция қызметкерлері жаңа оқу жылында оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтап, жол қозғалысы ережелерін орындауға және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырды.

https://polisia.kz/ru/politsejskie-proveli-profilakticheskie-vstrechi-v-shkolah-aktau-v-ramkah-dnya-znanij/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283685?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version